Таразда ата-анасы мен ағасын жындыханаға тоғытқан судьяға қатысты үкім шықты

Фотография - Таразда ата-анасы мен ағасын жындыханаға тоғытқан судьяға қатысты үкім шықты

Бүгін Тараз қаласының № 2 сотында отбасылық мейрамханалық бизнесті иелену мақсатында ата-анасы мен ағасын жындыханаға тоғытқан судья Сандуғаш Әзімхановаға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жария етіледі.

183 0

Бүгін Тараз қаласының № 2 сотында отбасылық мейрамханалық бизнесті иелену мақсатында ата-анасы мен ағасын жындыханаға тоғытқан судья Сандуғаш Әзімхановаға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жария етіледі.

Аталған іс бойынша төрағалық етуші - судья Ғазиз Аманбаев.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінен келіп түскен ақпарат бойынша, сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айыпталуда. Облыстық әкімшілік сотының бұрынғы судьясына ресми құжаттарды бірнеше мәрте қолдан жасады, ресми құжаттардың қолдан жасалғандығын біле тұра пайдаланды, қылмысқа қатысуға арандатты деген айыптар тағылды. Бұдан басқа, ол істің жан-жақты, толыққанды және объективті тергелуіне кедергі жасау мақсатында тергеудің қызметіне араласты деп айыпталуда.

С.Әзімханова сондай-ақ пайдакүнемдік пиғылмен адамды бостандығынан айырды (адам ұрлаумен байланыссыз), сондай-ақ пайдакүнемдік пиғылмен тұлғаларды психиатриялық диспансерге тоғытты деп айыпталуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!