Өскемен дүкендеріне бірнеше мәрте қарақшылық жасаған адам қолға түсті

Фотография - Өскемен дүкендеріне бірнеше мәрте қарақшылық жасаған адам қолға түсті

 Өскемен дүкендеріне бірнеше мәрте қарақшылық жасаған адам қолға түсті. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

288 0

 Өскемен дүкендеріне бірнеше мәрте қарақшылық жасаған адам қолға түсті. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Шығыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері Өскемен қаласындағы дүкендерге бірқатар қарақшылық шабуыл ұйымдастырған, бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған 27 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, жедел тергеу амалдары кезінде ұсталған азаматтың ағымдағы жылдың наурыз айының өзінде 4 қарақшылық шабуылға қатысы бар екендігі дәлелденіп отыр.

«Күдікті күзетшісі жоқ дүкендерге қараңғы түсе бере бетін бетпердемен бүркеп, сатушыларды пышақпен қорқыту арқылы саудадан түскен ақша мен тауарларды қолды қылған. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деді ол.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!