49 жастағы азаматты өлтіріп, мүрдесін өртеп жібергендер ұсталды

Фотография - 49 жастағы азаматты өлтіріп, мүрдесін өртеп жібергендер ұсталды

Таразда 49 жастағы азаматты өлтіріп, мүрдесін өртеп жібергендер ұсталды.

211 0

Таразда 49 жастағы азаматты өлтіріп, мүрдесін өртеп жібергендер ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, Тараз қаласының тәртіп сақшылары кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында кісі өлтірді деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

«Өткен жылдың желтоқсан айында Тараз қаласынан 10 шақырым қашықтықтағы алқапта денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар жартылай жанып кеткен ер кісінің мәйіті табылған болатын. Кейінірек оның 49 жастағы жергілікті азамат екендігі анықталды. Бұл қылмыстың орын алуына жәбірленуші мен күдіктілердің арасында ішімдік ішу барысында туындаған жанжал себеп болған көрінеді. Ішімдіктен көздері қарауытқан күдіктілер жәбірленушіні соққыға жығып, ол алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған», - деді ол.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, қылмыстарының іздерін жасыру мақсатында  ұсталған азаматтар мәйітті қала сыртындағы алаңқайға алып шығып өртеп жіберген. Қазіргі уақытта сезіктілер ұсталып, алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп  жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!