Ресейде іздеу жарияланған 2 күдікті Қазақстанда ұсталды

Фотография - Ресейде іздеу жарияланған 2 күдікті Қазақстанда ұсталды

Ресейде іздеу жарияланған 2 күдікті Қазақстан аумағында қолға түсті.

172 0

Ресейде іздеу жарияланған 2 күдікті Қазақстан аумағында қолға түсті. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ  Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Көліктегі ІІД қызметкерлері Астана әуежайынан 24 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Аталған азаматқа Ресей Федерациясының Тюмень облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған екен», - деді Н.Ораз.

Сондай-ақ ресми өкілдің сөзіне қарағанда, Ақтөбе қаласында криминалдық полиция қызметкерлері РФ Орск қаласында кісі өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланған 26 жастағы Ресей азаматтын қолға түсірді. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!