Ақтауда көлікке оқ атқандар Атырауда ұсталды

Фотография - Ақтауда көлікке оқ атқандар Атырауда ұсталды

Атырауда «Құқық тәртібі» операциясы барысында ІІД қылмыстық полициясы басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысының полициясы іздеу салған 22 жастағы екі жігітті қолға түсірді.

148 0

Атырауда «Құқық тәртібі» операциясы барысында ІІД қылмыстық полициясы басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысының полициясы іздеу салған 22 жастағы екі жігітті қолға түсірді.

«Ұсталғандарға  2013 жылдың қаңтарында Ақтауда болған кездерінде «Мазда-626» автомашинасына оқ атты деген   күдік келтіріліп отыр. Жүргізуші мен жолаушы жарақаттанған. Қастықпен өлтіруді көздеу фактісі бойынша қолға түскендерге қарсы ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ІІЛ баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Мұхтарова. Ұсталғандар Атырау қаласындағы ІІБ уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ол жерден Ақтауға жіберіледі.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!