Ақтөбеде «Макаров» тапаншасын сатпақ болған жергілікті тұрғын ұсталды

Фотография - Ақтөбеде «Макаров» тапаншасын сатпақ болған жергілікті тұрғын ұсталды

  Оның салонында 25 жастағы жолаушы  болған, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

218 0

 Полицейлер және облыстық ҰҚКД қызметкерлері 18 наурызда бірлескен шұғыл-іздестіру шарасы барысында Ә. Молдағұлова даңғылында орналасқан дәмхана маңында 33 жастағы  жүргізуші басқарған «Фольксваген» көлігін тоқтатты.

  Оның салонында 25 жастағы жолаушы  болған, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Жолаушы шұғыл топ қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Көлікті қарау кезінде целлофан пакетке оралған  «Макаров»  тапаншасы мен 15 оғы бар оқшантай  табылды.  Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, ол  өзіне тиесілі  қаруды сатпақ болған. Қазіргі уақытта  баллистикалық сараптама тағайындалды және бұл қарудың қайдан алынғандығы тексерілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!