«Алматы-Шымкент» жолында автобус пен «УАЗ» соқтығысты, екі адам мерт болып

Фотография - «Алматы-Шымкент» жолында автобус пен «УАЗ» соқтығысты, екі адам мерт болып

22 наурызға қараған түні Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылында, Құлан ауылшаруашылық колледжінің ғимаратына жақын жерде «УАЗ-469» автокөлігі мен «Сетра» жолаушылар автобусы соқтығысты

275 0

«Алматы-Ташкент» жолында маршруттық автобус пен «УАЗ» көлігі соқтығысты, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД-дан.

«22 наурызға қараған түні Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылында, Құлан ауылшаруашылық колледжінің ғимаратына жақын жерде «УАЗ-469» автокөлігі мен «Сетра» жолаушылар автобусы соқтығысты. «Шымкент-Астана» бағытымен бет алған автобустың ішінде екі жүргізуші мен 50 жолаушы болды. Жол апаты салдарынан алған жарақаттарына байланысты «УАЗ-469» көлігінің жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Құлан ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен осы көліктің екінші жолаушысы жеткізілді. Автобустың жүргізушілері мен жолаушылары зардап шеккен жоқ», - делінген таратылған баспасөз айғағында.

Қаза болғандар және зардап шеккен адам Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Еске салайық, 2 наурыз күні Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев ҚР Премьер-Министріне «Алматы-Ташкент» жолының жамбылдық учаскесінде жол-көлік апаттарының күрт артуына байланысты заңнамалық тұрғыда жолаушылар көлігі жүргізушілерінің еңбек өтіліне талаптарды арттыруды, олардың жұмыс және демалыс уақытын қатаң реттеуді, түнгі уақыттағы жолаушылар тасымалына қатаң шектеулер қоюды сұрады. Сондай-ақ автобус тасымалдарының көлемін азайту мақсатында темір жол жолаушылар тасымалын арттыруды, Шымкент пен Жамбыл стансыларынан Алматы мен Астана стансыларына қосымша рейстер қалыптастыруды өтінді.

Әкімнің өтінішінен кейін Жамбыл облысындағы «Алматы-Ташкент» тас жолында ОҚО-ның жолаушылар автобустарының қатысуымен төрт ірі жол апаты болды. Оларда сегіз адам мерт болып, 17-сі зардап шекті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!