Қапшағайда офицерді өлтірген күдікті ұсталды

Фотография - Қапшағайда офицерді өлтірген күдікті ұсталды

Қапшағайда әскери қызметкерді өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.

145 0

Қапшағайда әскери қызметкерді өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеп отыр.

Тергеу амалдары барысында күдіктінің Қапшағай қаласының тұрғыны екені анықталды. Прокуратураның мәліметіне қарағанда, ол полиция бөлімшесіне өз еркімен келген. Бүгінде ол Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторында қамауда. Әзірге басқа мәліметтер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 17-інде Қапшағайда бір әскери қызметкер өлім құшып, екіншісі ауыр жарақаттанған болатын.

Қалалық прокуратура мәліметінше, үш командир сол түні көшеде бір қызға маза бермей тұрған мас адамға қызды жөніне қалдыруды ескертпек болған көрінеді. Ал қылмыскер қалтасынан пышақ алып шығып, оларға «өзі жөндеріңмен кетіңдер» деген екен.

Текетірес соңы төбелеске ұласып, күдікті бір адамның жүрегіне пышақ сұғып, екіншісін жаралаған болатын. Жүрек тұсынан жараланған әскери қызметші оқиға орнында жан тапсырған.

Ал үшінші командир бұл кезде полиция мен жедел жәрдем шақыруға жүгірген.

Әскерилердің үшеуі де Павлодар облысының тумасы. Оқиға 16-нан 17-не қараған түні болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!