Ақтөбелік полицейлер 28 жасар ресейлік әйелді өлтіру қылмысын ашты

Фотография - Ақтөбелік полицейлер 28 жасар ресейлік әйелді өлтіру қылмысын ашты

Ақтөбелік полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында уақытша тұрып жатқан 28 жастағы Ресей азаматшасының өлтірілу қылмысын ашты

186 0

Ақтөбелік полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында уақытша тұрып жатқан 28 жастағы Ресей азаматшасының өлтірілу қылмысын ашты.

ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 18 наурыз күні полицияға Жангелдин көшесіндегі жеке үйлердің бірінде осы үйді жалға алып отырған 28 жастағы Ресей Федерациясы азаматшасының мәйіті табылғаны туралы мәлімет түсті.

Оқиға орнына ІІД басшылығы және шұғыл-тергеу тобы келді. Мәйітті қарау барысында өлім механикалық тұншықтыру нәтижесінде болған деп анықталды.

Екі күн ішінде шұғыл іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 27 жасар жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Тергеу әрекеттері барысында анықталғандай, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіні тоңазытқыштың электр сымымен қылғындырып өлтірген.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 96 бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!