Теміртауда сегізінші сынып оқушысы біреудің көлігін ұрлаған

Фотография - Теміртауда сегізінші сынып оқушысы біреудің көлігін ұрлаған

Теміртауда 14 жасар оқушы қаланы аралаймын деп біреудің көлігін айдап кетіпті

173 0

Теміртауда 14 жасар оқушы қаланы аралаймын деп біреудің көлігін айдап кетіпті. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД баспасөз-қызметі мәлімдеді. 

23 наурызда полиция бөлімшесіне 54 жасар кісі хабарласып, ВАЗ-21099 автокөлігі ұрланғаны туралы шағым түсіріпті. Иесінің айтуына қарағанда, көлікті үй ауласынан түн жарымда ұрлап кеткен көрінеді.

Уақыт өте тәртіп сақшылары көрші көшенің бойында қалдырып кеткен көлікті тапты. Сондай-ақ, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен орта мектептің сегізінші сынып оқушысын қолға түсірген. Оқушы бұл әрекетін «қаланы көлікпен аралағым келді» деп түсіндірді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!