Алматыда болған жол апатынан алты адам жарақаттанды

Фотография - Алматыда болған жол апатынан алты адам жарақаттанды

Бүгін Абай даңғылы бойымен батысқа қарай бағыт алған Volkswagen  Golf көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Сейфуллин даңғылына бұрылу кезінде BMW көлігімен соқтығысты

155 0

Алматыда орын алған жол-көлік апатынан алты адам жарақаттанды, деп хабарлады ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметінен.

Бүгін Абай даңғылы бойымен батысқа қарай бағыт алған Volkswagen  Golf көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Сейфуллин даңғылына бұрылу кезінде BMW көлігімен соқтығысты. Орын алған апаттың салдарынан алты адам түрлі дәрежеде жарақаттар алды, екеуі ауруханаға жеткізілді.

ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина мәлім еткендей, өткен тәуліктерде республикада 53 жол-көлік апаты тіркелді, соның салдарынан жеті адам қаза болып, 65-і жарақаттанды.

«Апаттардың 70 пайыздан астамы қозғалыс ережесін өрескел бұзудан орын алды», - деді И.Лукьянина.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!