Айуандықпен өлтірілген 24 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Фотография - Айуандықпен өлтірілген 24 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Айуандықпен өлтірілген 24 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды.

121 0

Айуандықпен өлтірілген 24 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды.

Бұл жантүршігерлік оқиға Теректі ауданы Барбастау ауылында орын алды.

Аталмыш  ауылдың 24 жастағы тұрғыны Арман Мұқашевті 23 наурызға қараған түні бұзақылар аса ауыр соққының астына алып, айуандықпен қинаған. Ол облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілгенімен, жарақаттарының ауырлығына байланысты көз жұмды. Жәбірленушінің әкесі Ғарифолла Мұқашевтің сөзіне қарағанда, оқиға болардан бір күн бұрын шекесі көгеріп үйіне келген баласы одан ауылдастары ақша бопсалағанын, бірақ мәселені өзі шешетінін айтқан. 22 наурыз күні бірнеше қайтара соғылған телефон қоңырауынан кейін А.Мұқашев үйінен шығып кетіп, содан оралмаған. Оның тума-туысқандарының сөзіне қарағанда, бұл оқиғаға төрт бірдей бұзақының қатысы бар. Олардың арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі де бар.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Гүлшат Молдағалиеваның хабарлағанындай, бұл оқиғаға күдікті 1991 жылғы Е. және 1992 жылғы С. ұсталып, уақытша оқшаулау абақтысына жеткізілді. 1994 және 1995 жылғы тағы екі жастың осы қанды оқиғаға қатысы тексерілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!