Ірі көлемде пара алған басшы ұсталды

Фотография - Ірі көлемде пара алған басшы ұсталды

Ол «оралдық кәсіпкерлердің бірінен ірі көлемде пара алды» деп айыпталып отыр

172 0

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық қорлары комитетіне қарасты «Сигнал» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының үстінен қылмыстық іс қозғады.

Ол «оралдық кәсіпкерлердің бірінен ірі көлемде пара алды» деп айыпталып отыр. Нақтырақ айтсақ, «ТрансХимПродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоймаға сақтауға қойған дөңгелек шиналарын у-шусыз шығарып беру үшін 600 мың теңге талап еткен. Қазір бұл қылмыстық істі сот қарауында.

БҚО бойынша Қаржы полициясы департаменті ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мемлекеттік материалдық қорлары комитетінің «Резерв» РМК «Сигнал» филиалының директоры Н. Есекеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.


Тегтер:

пара алған

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!