Павлодарда зейнеткер әйелдің 5 миллион теңгесі ұрланды

Фотография - Павлодарда зейнеткер әйелдің 5 миллион теңгесі ұрланды

Бұл жайында Павлодар облысының баспасөз қызметі хабарлады.

179 0

Павлодарда ұрылар ішінде 5 миллион теңге жасырылған темір сейфті ұрлап кетті. Қомақты қаржы зейнеткер әйелге тиесілі болған. Бұл жайында Павлодар облысының баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сүйенсек, полиция бөліміне 59 жастағы кәсіпкер әйел шағымданған. Айтуынша, белгісіз біреулер оның үйінен ішінде 5 миллион теңгесі бар темір сейф пен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

«Тексеру барысында белгілі болғандай, ұрылар жәбірленушінің үйіне терезесін сындырып кірген. Күдіктілердің ізін суытпай екі сағаттың көлемінде қолға түсірдік. Олар облыс орталығының еш жерде жұмыс істемейтін үш тұрғыны. Екеуі бұрын ұрлық және тонау бойынша және сотты болған» делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұсталған күдіктілер бүгінгі таңда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!