Алматыда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер 15 жыл түрмеге кесілуі мүмкін

Фотография - Алматыда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер 15 жыл түрмеге кесілуі мүмкін

26 - 30 жас аралығындағы Алматы қаласы мен облысының үш тұрғынын қолға түсірді.

205 0

Алматыда полиция қызметкерлері балық өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған 26 - 30 жас аралығындағы Алматы қаласы мен облысының үш тұрғынын қолға түсірді.

Бүгін өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім еткендей, 18 наурыз күні таңғы сағат алты шамасында қаскөйлер 36 жастағы жәбірленушіні атыс қаруымен жарақаттап, 1млн. 400 мың теңге салынған қол сөмкесін алып кетеді.

«Араға бірнеше күн салып кәсіпкер алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда ұсталған азаматтардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тесерілуде. Ұсталғандар қарақшылық шабуыл қылмысын жасағаны үшін дүние-мүліктері тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы ықтимал», - деп мәлімдеді ресми өкіл.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!