МСҚББ-ның бұрынғы басшысы «Бесоба» ісі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

Фотография - МСҚББ-ның бұрынғы басшысы «Бесоба» ісі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

«Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылысына бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы Александр Воробьев «Бесоба» ісі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

195 0

«Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылысына бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы Александр Воробьев «Бесоба» ісі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы сотының басапсөз қызметі.


Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 б. 4 б. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған (мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса).

Воробьевқа жалпы режимдегі түзеу колониясында 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын айыру түрінде жаза, мемлекеттік лауазымдық қызметпен айналысу құқығынан 3 (үш) жыл мерзімге айыру түрінде жаза тағайындалған.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қараусыз қалдырылып, оларға келтірілген шығынды  азаматтық сот өндірісіне жүгіну құқықтары түсіндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Аталған қылмысты А.В. Воробьев 2006 жылы жасаған.  ҚР ҚК-нің 307 бабының  4 бөлігінің жазаға санкция беру құқығы сол уақытта 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан мүлікті тәркілемей айыра отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырған.  Қазіргі кезде, аталған бапқа өзгерістер енгізіліп, жаза 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан мүлікті тәркілеумен айыра отырып, 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынана айыруға жазаланады. ҚР ҚК-нің 5 бабына сәйкес, заң әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайды, сондықтанда сот А. Воробьев қылмыс жасаған кездегі Заңды басшылыққа алды.


Тегтер:

қарағанды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!