Шымкентте екі полицей сотталды

Фотография - Шымкентте екі полицей сотталды

 Кеше Шымкентте екі полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарылды.

149 0

Кеше Шымкентте екі полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарылды.

Процесс Шымкенттің Абай аудандық сотында жүрді. Тәртіп сақшыларының бірі Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымында, екіншісі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы болып жұмыс жасаған.

Оларға пара алды деп айып тағылған. Тергеу материалдары бойынша, 2012 жылдың күзінде полиция қызметкерлерін 20 мың доллар көлемінде пара алу кезінде қаржы полициясы ұстаған. Бұл сомаға айыпталушылар «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан қара алтын ұрлау мәселесін шешіп беруге уәде еткен.

Сот сотталушыларды кінәлі деп тапты және 7 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, олардың мүліктері тәркіленіп, әскери атақтарынан айрылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!