Атырауда спорттық нысандар құрылысына арналған 68 млн. теңге ұрланды

Фотография - Атырауда спорттық нысандар құрылысына арналған 68 млн. теңге ұрланды

 Бергей Рысқалиевтің командасы мемлекетке 68 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірді

314 0

Атырауда спорт нысандарының құрылысы кезінде облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің командасы мемлекетке 68 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірді, деп хабарлайды прокуратура баспасөз қызметінен.

Тексеру қорытындысы бойынша спорттық нысандарды салу кезінде облыстың құрылыс басқармасы тараппынан жұмыстарды орындамау немесе сапасыз орындау фактілері анықталды. Нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 68 млн. 232 мың 225 теңге зиян келтірілді.

«Прокуратура 2008-2012 жылдар аралығында облыстың құрылыс басқармасы қызметінен бірқатар бұзушылықтар тапты. Атап айтқанда, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала  құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңдарына қатысты. Жобалық-сметалық құжаттардың болмағанына қарамастан, құрылыс жұмыстары жүргізілген. Барлық құрылыс нысандарының сметалық құны алғашқы бөлінген қаржының жеткіліксіздігі туралы мердігерлер тарапынан ешқандай ұсыныстар енгізілместен нысанның жобалық-сметалық құжаттары және сарапшылар қорытындысы негізінде ұлғая берген. Конкурстың жеңімпазы болып бір мердігер таныла берген. Жұмыс көлемін сапасыз орындағанына немесе мүлдем орындамағанына қарамастан, мердігерлер еш кедергісіз бюджет қаражатын алып отырған», - деп хабарлады прокуратурада.


Тегтер:

теңге ұрланды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!