Батыс Қазақстанда өз анасын өртеп жібермекші болған күдікті ұсталды

Фотография - Батыс Қазақстанда өз анасын өртеп жібермекші болған күдікті ұсталды

Ақжайық аудандық ауруханасына 24 наурыз күні Базаршолан ауылынан басы, мойны, қол-аяғынан 2-3-інші дәрежелі күйік алған, тыныс жолдары зақымданған 1950 жылғы М. деген әйел түскен.

173 0

Ақжайық аудандық ауруханасына 24 наурыз күні Базаршолан ауылынан басы, мойны, қол-аяғынан 2-3-інші дәрежелі күйік алған, тыныс жолдары зақымданған 1950 жылғы М. деген әйел түскен.

Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, дәрігерлердің білікті жәрдемі арқасында әйел есін жиып, болған оқиғаны әңгімелеп берген. Оның айтуынша, сол күні өзінің баласы арақ ішу үшін ақша талап еткен. Анасы бас тартқаннан кейін оның үстіне жанғыш затты құйып, жағып жіберіп, үйінен шығып кеткен. Көп ұзамай Р. деген күдікті қолға түсті. Ол бұдан бұрын жақын тумаларын зорлағаны үшін екі рет сотталып, жазасын өтеген екен. Оқиға орнына Тайпақ бөлімінің жедел тобына қоса департаменттің тергеу басқармасынан тәжірибелі қызметкерлер мен криминалист жіберіліп, Р-ның кінәсін мойнына қоятын айғақ заттар тәркіленді. Куәлер де анықталып, жауап алынды.

Ерекше қаталдықпен, қасақана адам өлтірмекші болған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!