51 мекемеде жалақы беру жағынан 108 заңбұзушылық анықталған

Фотография - 51 мекемеде жалақы беру жағынан 108 заңбұзушылық анықталған

Кей мекемелерде шетелдік мамандар қазақстандық әріптестеріне қарағанда 10 есе көп жалақы алады.

179 0

Кей мекемелерде шетелдік мамандар қазақстандық әріптестеріне қарағанда 10 есе көп жалақы алады.

Мұндай айырмашылықтар, әсіресе, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында жиі кездеседі. Табысы жоғары шетелдік мамандардың 80 пайызға жуығы компаниялардың тізгінін ұстап отыр. Осындай әділетсіздіктердің алдын алу үшін қаңтар және  ақпан айларында еңбек инспекторлары құзырлы органдармен бірлесіп, тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 51 мекемеде жалақы беру жағынан 108 заңбұзушылық анықталған.

Ернұр БУРАХАН, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі:

- Экспертиз с.р.л компаниясының Атырау облысындағы бөлімінде сапа жөніндегі қазақсатндық инженердің жалақысы 170674 теңгені құраса, оның шетеледік әріптесі 1 млн 908550 теңге алған. Ал Батыс Қазақстандағы «Қарашығанақ Петролиум» компаниясында 10-нан аса диспропорция дерегі анықталған.


Тегтер:

жалақы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!