Қарағандыда бухгалтердің 4 млн теңгесі бар сөмкесі ұрланды

Фотография - Қарағандыда бухгалтердің 4 млн теңгесі бар сөмкесі ұрланды

Қарағандының полиция қызметкерлері қаладағы ЖШС бірінде жұмыс істейтін бухгалтердің 3 700 000 теңге мен 2 200 АҚШ доллары бар сөмкесін қолды еткен ұрыларды іздестіруде

172 0

Қарағандының полиция қызметкерлері қаладағы ЖШС бірінде жұмыс істейтін бухгалтердің 3 700 000 теңге мен 2 200 АҚШ доллары бар сөмкесін қолды еткен ұрыларды іздестіруде. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД баспасөз-қызметі мәлімдеді. 

Ақшаның жалпы сомасы 4 млн 30 мың теңгені құрап отыр. Бүгінде «ұрлық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын үлкен көлемдегі соманы тасымалдауда қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!