Атырау әкімдігінде ланкестіктің алдын алуға бөлінген 1,3 млн. теңге ұрланған

Фотография - Атырау әкімдігінде ланкестіктің алдын алуға бөлінген 1,3 млн. теңге ұрланған

 Атырауда облыстық әкімдік қызметкерлері ланкестіктің алдын алуға бөлінген 1,3 млн. теңге ұрлауда күдікті, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

354 0

 Атырауда облыстық әкімдік қызметкерлері ланкестіктің алдын алуға бөлінген 1,3 млн. теңге ұрлауда күдікті, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

«Облыстық прокуратура Атырау облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қызметін тексерді. Ланкестіктің алдын алуға бөлінген бюджеттік қаражат шығындалуының заңдылығы тексерілді. Басқарма қызметкерлерінің салғырттығы салдарынан тендерді ұтып алған қоғамдық бірлестіктер тарапынан бюджеттік қаражат ұрланғаны анықталды», - деп мәлімдеді прокуратурада.

2011 жылдың ақпан айында ішкі саясат басқармасы өткізген  мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Шарайна-Атырау» қоғамдық бірлестігімен 1 млн. теңгеден астам сомаға келісім-шарт жасалған. Бұл бірлестік ланкестік пен экстремизм көріністерін алдын алу бойынша халықтың түрлі топтары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндеттелген. Сонымен қатар теріс діни ағымдардың зиянын түсіндіретін әдістемелік құралдар шығару керек болған.

Бірақ жүргізілген тексеру барысында анықталғандай, қоғамдық бірлестік ақша бөлінген жобаны іске асыру бойынша ештеңе жасамаған. Сонымен қатар «Шахар» ҚБ да мәлім етілген 300 мың теңгеден артық сомаға халықтың түрлі топтары арасында теріс діни ағымдардың әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жасамаған.

«Ішкі саясат басқармасының бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс тергеу сатысында», деп хабарлады облыстық прокуратурада.


Тегтер:

терроризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!