Жамбыл облысында барымташылар тұрғындардан 50-дің үстінде жылқы ұрлаған

Фотография - Жамбыл облысында барымташылар тұрғындардан 50-дің үстінде жылқы ұрлаған

Жамбыл облысының барымташылары жылқының 50-ден астам басын ұрлап әкетті, деп хабарлайды аймақтың ІІД баспасөз қызметінен.

178 0

Жамбыл облысының барымташылары жылқының 50-ден астам басын ұрлап әкетті, деп хабарлайды аймақтың ІІД баспасөз қызметінен.

«Барымташылар түн мезгілінде Қордай, Шу, Мойынқұм секілді облыстың шалғай аудандарынан жылқыларды үйірімен ұрлап әкеткен, - деді құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінде. - Жалпы алғанда бұл шамамен 50 жылқы. Қазіргі уақытта 25 жылқы алынып, бір бөлігі иелеріне қайтарылды».

Өзінің 19 айғырын тануға алғашқылардың бірі болып Мойынқұм ауданынан Айдархан Беккулиев келді. «Бұл менің жалғыз табыс көзім, - деп түсіндірді шаруа қожалығының иесі және де үш баланың әкесі, - Тек полиция қызметкерлерінің арқасында мен өз жылқыларымды таптым».

Басқа жәбірленушілерді полиция қызметкерлері ескертті және олар да өз малын тануға келіп жатыр.

ІІД КПБ аға жедел қызметкері полиция подполковнигі Мақсат Юсуповтың айтуы бойынша, шұғыл-тексеру шаралары барысында бес күдікті және олар ұрлаған жылқыларды ұстаған орындар анықталды.

Ұсталғандардың екеуі 45 және 36 жастағы ағайындылар болып шықты. Кішісі осындай қылмысы үшін бұрын сотталған. Қазіргі уақытта ағайындылар уақытша қамау изоляторына тоғытылды, олар қылмысты өз мойындарына алды.

ҚР ҚК 175 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (ірі мөлшерде ұйымдасқан топпен жасалған тонау).

Қылмысқа қатысушылардың үшеуінің есімдері анықталды, оларға іздеу жарияланды, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!