Шымкент кәсіпкерін өлтіргендер туралы ақпарат үшін 10 млн теңге сыйақы тағайындалды

Фотография - Шымкент кәсіпкерін өлтіргендер туралы ақпарат үшін 10 млн теңге сыйақы тағайындалды

Шымкентте айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің отбасы қылмыс жасағандар туралы ақпарат үшін 10 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындап отыр.

313 0

Шымкентте айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің отбасы қылмыс жасағандар туралы ақпарат үшін 10 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындап отыр. Бұл туралы КТК телеарнасының тілшілері хабарлады. 

Естеріңізге сала кетейік, Шым қаланың танымал кәсіпкерінің отбасына наурыздың 25 күні қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген төрт бейтаныс адам Камал Ариповтың үйіне баса көктеп кіріп, 50 жара үй иесі мен оның 17 жасар баласын өлгенше соққыға жыққан. «Мың ұсақ-түйек» құрылыс супермаркеті қожайынының әйелі мен қызы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Үйден ұрланған бағалы заттардың нақты бағасы әзірге белгісіз. Белгілі болғандай, үй иесін азаптап өлтіргені анықталды. Оқиға орнында балта, шеге суырғыш, кескіш, тіпті зілбалға табылған көрінеді. 

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!