Талдықорғанда алты қыз жабылып бір әйелді тонаған

Фотография - Талдықорғанда алты қыз жабылып бір әйелді тонаған

Талдықорған қаласының орталығында түнгі үште жұмыстан үйге қайтып келе жақан 55 жастағы әйелге жас қыздар тобы шабуыл жасайды.

183 0

Алматы облысында алты қыз жабылып бір әйелді тонаған.

Талдықорған қаласының орталығында түнгі үште жұмыстан үйге қайтып келе жақан 55 жастағы әйелге жас қыздар тобы шабуыл жасайды.

«Жәбірленушінің айтуы бойынша, әуелде ол бейтаныстарға ерекше назар аудармаған. Тек біраз уақыт өткен соң әйел өз артынан ерген адамдардың аяқ шалысын естиді, бұрылып қарағанда артында бірнеше қыз келе жатқанын көреді. Сол кезде ол асыға жүгіреді, бірақ қаскүнем қыздар қуып жеткенде оларға топтың қалған қатысушылары қосылады. Әйелге қоқан-лоқы көрсетіп, барлық бағалы заттарын беруді талап етеді. Сол түні олардың олжасы алтын алқа, ұялы телефон және банктің карточкасы болады. Тонаушылардан келген шығынның жалпы сомасы 117 мың теңгені құрайды», - деп Алматы облысы Талдықорған ІІБ бастығы полиция полковнигі Бақытберген Бейсебаев тонаудың егжей-тегжейін хабарлады.

Тергеу шараларының алғашқы сатысында тану жүргізілді. Тоналған әйел қараңғы түнге қарамастан, олардың кескіндерін есіне сақтап қалған және оларды бірден таныды.

Сонымен қатар, анық болғандай, ұсталғандардың бесеуі Талдықорғанның түрлі колледждерінің студенттері, тағы бір қатысушы жоғарғы оқу орындарының бірінде 1-ші курста оқиды.

Оңай олжа тапқылары келген қыздар 18-19 жас аралығында, бұрын қылмыстық жауапкершілікке ешқайсысы да тартылмаған. Ұсталғандар аталған қылмысқа қатысы барын бірден мойындады. Бірақ осындай аңғырт әрекеттерінің себебін түсіндіре алмады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!