Қызылордада жалған ақша жасаған әйел бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Фотография - Қызылордада жалған ақша жасаған әйел бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Бұған дейін ол Қазалы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 206-бабының 1-бөлігімен (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату) кінәлі деп танылып, шартты түрде сотталған болатын

228 0

Қызылордада жалған ақша жасаған әйел бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспаөз қызметі.

 

«Бұған дейін ол Қазалы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 206-бабының 1-бөлігімен (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату) кінәлі деп танылып, шартты түрде сотталған болатын. Осыған қарамастан бұл соттылығынан тиісті қорытынды шығармай, қайтадан сол баяғы әдетіне көшеді. .  Атап айтар болсақ, Қызылорда облысы көлемінде 2011-2012 жылдар аралығында шаруашылық субъектілері және қарапайым халыққа 36 дана, жалпы құны 151 000 теңге құрайтын, 2012-2013 жылдар аралығында шаруашылық субъектілері және қарапайым халыққа 30 дана, жалпы құны 104 500 теңге құрайтын Қазақстан Республикасының жалған банкноттарын бірнеше рет өткізіп пайда тапқан», - деді сотта.

 

Бір күні Жосалы кентінен Түркістан қаласына барып, аяқ киім сатып алып, сауда жасаймыз деп шыққан екеу сол сәтте осы бағытқа қатынайтын поезд болмағандықтан, көлікпен бару үшін «Шымкент-Самара» тас жолының бойына шығады. Бұл жерге олар таксимен келеді. Таксисттің сұраған 300 теңгесін төлемек болып, оған 2000 теңге ұстатады да, қалған 1700 теңге майдасын қалтасына салып алады. Алайда бұл 2000 теңгенің жалған екенін білген таксист араға 5 минут сала жолаушыларын түсірген жерге тез қайта келеді.

 

«Сот барысында анықталғандай, қылмыскердің азық-түлік және күнделікті қолданыс заттарын сатып алу үшін төлем құралы ретінде пайдаланып өткізген жалған банкноттары 36 жерден табылғанСотталушы басты сот талқылауында қылмыстық іс әрекетін  толық мойындайтынын, шын жүректен қынжылып өкінетінін, барлық жәбірленушілерден кешірім өтінетінін, бас бостандығын өзінде қалдыруды сұрайтынын  көрсетті. Алайда Қызылорда қалалық соты сотталушы Салтанаттың бұған дейінгі шартты түрде соттаудың күшін жойып, ол жазасын соңғысына қосып мүлкін тәркілей отырып, түпкілікті 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ ол жәбірленушілерге борыш ақшаларын қайтарып беретін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп қорытындылады сотта.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!