Батыс Қазақстанда автокөлікті айдап кеткендер ұсталды

Фотография - Батыс Қазақстанда автокөлікті айдап кеткендер ұсталды

28 наурыз күні Теректі аудандық ішкі істер бөліміне ақ түсті «Ниссан» автокөлігінің айдап кетілгені жөнінде хабар түсті.

155 0

28 наурыз күні Теректі аудандық ішкі істер бөліміне ақ түсті «Ниссан» автокөлігінің айдап кетілгені жөнінде хабар түсті.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Подстепный ауылының тұрғыны 27 наурыз күні 18.00-де өз үйінің қасына аталмыш автокөлігін қойып, оның жоқ болып кеткенін таңертең бір-ақ біледі. Көп ұзамай жол полициясы қызметкерлері, полиция майоры Беріктас Бисенов пен аға лейтенант Берік Дүйсеғалиев автокөлікті ауыл көшелерінің бірінен табады.

Жедел іздестіру шаралары барысында үш күдікті ұсталып, олар өз істегендерін мойындады. Бұрын да автокөлікті осылай айдап кеткені үшін сотталған 1987 жылғы Д. түнде автокөлікке жүксалғышы арқылы кіріп, кілтін сындырып, тұтатады. Сосын достары Д. және П-мен түнімен қыдырып, таңертең автокөлікті қалтарысқа қалдырып, қашып кетеді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!