Жамбыл облысында қорғасын руднигінде жұмысшы мерт болды

Фотография - Жамбыл облысында қорғасын руднигінде жұмысшы мерт болды

Қайғылы оқиға Мойынқұм ауданының Ақсүйек кентінен 30 шақырым жерде «Ертай» ЖШС-ның ашық руднигінің қорғасын карьерінде болды

185 0

Жамбыл облысында қорғасын руднигінде жұмысшы мерт болды, деп хабарлады аймақтың ТЖД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға Мойынқұм ауданының Ақсүйек кентінен 30 шақырым жерде «Ертай» ЖШС-ның ашық руднигінің қорғасын карьерінде болды.

«БелАЗ-7548» жүк машинасының доңғалағын ауыстырып жатқанда стопор сақинасы үзіліп кетіп, диск қасында тұрған слесарьды соқты.

Бір жарым сағаттан кейін ер адам кенттің медициналық пунктінде көз жұмды.

Қазаға ұшыраған жас жігіт 23 жаста болатын, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!