Оралда қалалық моншаның төбесі опырып құлады, бір адам аса ауыр халде

Фотография - Оралда қалалық моншаның төбесі опырып құлады, бір адам аса ауыр халде

29 наурыз күні кешқұрым Оралдағы №3 қалалық моншаның жуынатын бөлімінде төбенің бір бөлігі опырылып құлады, салдарынан үш адам жарақаттар алды

241 0

29 наурыз күні кешқұрым Оралдағы №3 қалалық моншаның жуынатын бөлімінде төбенің бір бөлігі опырылып құлады, салдарынан үш адам жарақаттар алды.

Бетон плитадан жарақат алған ер адамдар ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі - ауыр халде. Оған ота жасалды.

Төтенше оқиғаның куәсі болғандардың айтуынша, моншаға келушілердің дені төбенің опырылып түсу қаупін алдын ала байқап, қашып үлгерген.

Аталмыш монша қаладағы негізгі моншаның бірі болып табылады. Ғимарат 1973 жылы салынған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!