Қостанай облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

Фотография - Қостанай облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

Қостанай облысында «Затобольск – Қостанай тас жолында 29 наурызда сағат 19:20-да «Toyota Mark» пен «Hyuondai» жолаушылар автобусы соқтығысты

500 0

Қостанай облысында «Затобольск – Қостанай тас жолында 29 наурызда сағат 19:20-да «Toyota Mark» пен «Hyuondai» жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Bnews.kz  сол өңірдің ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Жол көлік оқиғасы салдарынан ішінде 5 жолаушы болған автобус жолдан шығып, жыраға түсіп кетті», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына жол полициясының патрулі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Медиктер жолаушыларды тексергеннен кейін, түрлі дәрежеде жарақат алған екі жолаушы қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Toyota» көлігінің 27 жастағы жүргізушісінің айтуынша, Қостанайға қарай бара жатқан жолда ол автобусты басып озбақ болады. «Бірақ, жол тайғақтығынан көлік бұрылып кетіп, мен маневр жасап үлгермедім де, автобусқа барып соғылдым», – деді жүргізуші.

Осы күні аздаған боран тұрып, көктайғақ болған болатын. Аталған факті бойынша тергеу алдындағы тексеру жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!