«Қару-2013» іс-шарасында заңсыз сақталған 32 қару тәркіленді

Фотография - «Қару-2013» іс-шарасында заңсыз сақталған 32 қару тәркіленді

Елорда аумағында «Қару-2013» шұғыл алдын алу іс-шарасы өткізілді.

115 0

Елорда аумағында «Қару-2013» шұғыл алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Ведомстводан хабарлағанындай, іс-шара қаладағы жағдайды тұрақтандыру қылмыстың және қару-жарақ пен жарылғыш заттарды қолданумен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізілуде. 

Полицейлер 604 қару сақтайтын азамттарды тексерді. Қорытындысында заңсыз қару-жарақ сақталған, алып жүрген және уақытында есепке қоймаған  29 факт анықталды. 25 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІД мәліметі бойынша, іс-шара кезінде заңсыз сақталған 32 қару тәркіленді. 

Қолданған шаралардың арқасында  4 оқты қару, 3 шолақ мылтық, 1 газбен атылатын тапаншаны заңсыз сақтау фактісі анықталып, олар айналымнан алынды.

Баспасөз қызметі заңсыз қару сақтаған барлық фактілер бойынша тексеру жүргізіп, сараптау жұмыстары тағайындалғанын атап көрсетеді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!