Ақтауда полицейлерді балағаттап, тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды

Фотография - Ақтауда полицейлерді балағаттап, тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда рейд барысында Маңғыстау облысының жол полицейлерін балағаттап, тіл тигізген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

144 0

Ақтауда рейд барысында Маңғыстау облысының жол полицейлерін балағаттап, тіл тигізген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жол полициясының қызметкерлері рейд барысында алкогольдік ішімдікке тойып алған жүргізушіні тоқтатады. Көлікте жүргізушіден басқа Ахметов деген жолаушы болған, ол да мас күйінде. Полицейлер хаттама толтырып жатқан кезде осы Ахметов қоқан-лоқы көрсетіп, ЖПБ қызметкерлерін балағаттайды. Өзін қаржы полициясының қызметкерімін деп таныстырған Д.Ахметовті полицейлер ұстамаған. Кейінірек, оқиға жөнінде ІІД басшылығына баяндалған соң, бұзақыны жазалау туралы шешім қабылданды.

«Маңғыстау облысы ІІД бастығының бұйрығымен Д.Ахметов іздестірілді. Оның қаржы полициясында жалдамалы жұмысшы болғаны және екі жыл бұрын жұмыстан шығарылғаны анықталды. Ол ЖПБ қызметкерін балағаттау арқылы билік органдарына тіл тигізді, Оған қарсы ҚР ҚК 257 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұзақының өзі уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті Маңғыстау облысы ІІД бастығының орынбасары Б.Жұмағали.

ЖПБ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Мас жүргізушіні тоқтатып, жол-көлік оқиғасының алдын алғандары үшін оларды ынталандыру жөнінде шешім қөабылданды, алайда  Д.Ахметовтің төлқұжаттарын сұрамай, әрекетсіздік танытқандары үшін сол қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!