Астанада алаяқ сауда үйінен 2,5 млн теңгенің әшекей бұйымдарын ұрлаған

Фотография - Астанада алаяқ сауда үйінен 2,5 млн теңгенің әшекей бұйымдарын ұрлаған

деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

192 0

Оралдың 32 жастағы тұрғыны елордадағы сауда үйлерінің бірінен 2,5 млн теңгенің әшекей бұйымдарын жымқырып кеткен, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Көтерме саудамен айналысамын деген алаяқ әйел алтын бұйымдарды бір сағат бойы таңдаған. Сосын банкоматтан ақша алып келейін деп сатушыға байқатпай әшекейлерді жымқырып кеткен. Сатушы біраздан соң өзінің алданғанын түсініп, полицияға хабарласты»,-деп жазылған хабарламада.

Жедел-алдын алу шарасы барысында бір күннен кейін алаяқ Ақтөбе облысына бара жатқан жолаушылар пойызынан ұсталды. Алтын бұйымдар иесіне қайтарылған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!