Топ болып әйел зорлаған полицейлердің бастығы орнынан кетті

Фотография - Топ болып әйел зорлаған полицейлердің бастығы орнынан кетті

Атырау облысы Жылыой аудандық Ішкі істер бөлімінің жаңа басшысы болып Руслан Әділов тағайындалды

199 0

Атырау облысы Жылыой аудандық Ішкі істер бөлімінің жаңа басшысы болып Руслан Әділов тағайындалды.

Бұл лауазымға тағайындалмас бұрын Р.Әділов өңірлік ІІД көші-қон полициясының бастығы болып қызмет етті.

Еске салайық, Жылыой ауданында әйелді зорлау күдігімен үш адам ұсталды, олардың екеуі полицияның учаскелік инспекторларының көмекшілері болып шықты. Жәбірленуші, Тараз қаласының тұрғыны үш адам оны зорлағанын одан кейін басына целлофан пакет кигізіп ен далаға алып шыққанын айтты.

Бұл оқиғадан кейін Жылыой аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы Серік Ербөлеков қызметінен босатылды. Оның орынбасарлары мен ішкі істер аудандық бөлімдерінің өзге де басшыларының алып отырған лауазымдарына сәйкестік мәселесі қойылды. Қылмыстық істі тергеумен арнайы прокуратура айналысуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!