Петропавлда қызыл жалынға оранған үйден 40 адам көшірілді

Фотография - Петропавлда қызыл жалынға оранған үйден 40 адам көшірілді

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлда тілсіз жау жалмаған үйден 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендер арасында балалар бар

377 0

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлда тілсіз жау жалмаған үйден 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендер арасында балалар бар.

1 сәуір күні Петропавлда үш қабатты тұрғын үй өртке оранды. Тілсіз жау 24 шаршы метр аумақты шарпыды. Көп қабатты баспанадан 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрттің салдарынан 1951 және 1955 жылдары туған екі әйел, сондай-ақ 3 және 8 жасар екі бала ысты газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.  

Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ СҚО бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 18 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!