СҚО тұрғыны көршісінің төбетін ұрлап, сойып жеген

Фотография - СҚО тұрғыны көршісінің төбетін ұрлап, сойып жеген

Құқық қорғаушылар аталған күдіктінің үйін тінту барысында жоғалған төбеттің терісін тауып алды

254 0

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданының ішкі істер бөліміне Смироново елдімекенінің тұрғыны шағымданып, ауласында байланып тұрған "алабай" тұқымды итінің жоғалып кеткендігін айтқан.

"Ауыл тұрғынының айтуынша, оның бір жарым жастағы төбетінің мінезі сабырлы болған. Ал, жоғалатын күні әдеттегідей шынжырлаулы болыпты. Бұл кезде үй иелері жұмыста болған" деді ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметіндегілер.

Шағым түсісімен тәртіп сақшылары ең алдымен көршілерді сұрастырып, олардың үйлерін қарап шығыпты. Белгілі болғандай, сол күні сағат кешкі 17.00-дер шамасында ауыл тұрғындарының бірі ит жоғалған үйден шанасымен шығыпты және шанасында үлкен дорбаның тиелгендігін көрген куәгерлер де бар. Құқық қорғаушылар аталған күдіктінің үйін тінту барысында жоғалған төбеттің терісін тауып алды.

"Тексеру кезінде үйдің ауласында жайылып тұрған ит терісін, басы мен өзге де мүшелері табылды. Ал, үйдің ішінде туралған ит етінің бары анықталды.

Шағымданушы осы айғақты заттардан өзінің жоғалған төбетін танып отыр. Итті 28 жастағы ауыл тұрғынының ұрлағаны белгілі болды. Ол бұдан бұрын сотталған. Күдікті сондай-ақ, соңғы күндері итін ұрлаған көршісіне барып, үй жұмыстарына көмектескен" деді тәртіп сақшылары.

Қолға түскен азаматтың айтуынша, ол үйге ешқандай қиындықсыз кірген және бұл уақытта үй иелерінің барлығының жұмыста екендігін білген.

"Алдымен иттің басынан балғамен ұрып талдырған, кейін қапқа салып шанамен досының үйіне алып барыпты. Ол жерде күдікті жануардың терісін сыпырып, полицейлер келгенше етін жеп үлгерген" деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 175 бабы - "ұрлық" бойынша қылмыстық іс қоғалып, күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!