Астанада теміржол вокзалы жабылып, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Фотография - Астанада теміржол вокзалы жабылып, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

еп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

217 0

 Астанада теміржол вокзалының маңында күдікті заттың табылауына байланысты адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«Сағат 12.10-да вокзал ғимараты маңынан иесіз жатқан күдікті зат табылып, кейін соған қатысты қағылған дабыл жалған болып шықты. 13.40-та тексеру жұмыстары тоқтатылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет елордалық т/ж вокзалынан адамдар осы жылдың қаңтар айында қауіпсіз жерге көшірілген еді. Ол кезде сағат 23.11-де қалалық ТЖД жедел әрекет ету орталығының «102» операторына белгісіз біреу хабарласып, «теміржол вокзалына бомба қойылды» деп хабарлаған болатын. Вокзалдың барлық бөлмелерін жіті тексеріп шыққаннан кейін ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Таяуда Алматыда да вокзал маңынан күдікті зат табылды деген хабарламаға байланысты қаншама адам сыртқа шығарылған болатын. Алайда тексеру жұмыстары барысында айтылған күдікті зат сол күйі табылмады. 


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!