Алматы облысында параны малмен де ала бастады

Фотография - Алматы облысында параны малмен де ала бастады

Аталмыш іс бойынша «алаяқтық» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды

184 0

Алматы облыстық қаржы полициясының қызметкерлері сиыр түрінде заңсыз сыйақыны тапсыру кезінде Іле ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанындағы мемлекеттік тілді оқыту орталығы директорын құрықтады.

Алматы облыстық прокуратурасынан мәлім еткендей, шенеунік әйел ауылдасына үй тұрғызу үшін жер учаскесін алуға көмектесуге уәде еткен. Ал өзінің еңбегін бір ірі қараға бағалаған. Делдал шенеунік мал түріндегі ақыны иемденді, бірақ уәде сөзін орындамады.

Шендінің арбауына түскен әйел экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне шағымданды. Кейіннен қаржы полицейлері алаяқ басшыны сиырды кері қайтару кезінде құрықтады.

Аталмыш іс бойынша «алаяқтық» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.   


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!