«Қазақзергердің» Қостанайдағы филиалын тонаған екі ұры 10 жылға сотталды

Фотография - «Қазақзергердің» Қостанайдағы филиалын тонаған екі ұры 10 жылға сотталды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Казахювелир» АҚ Қостанай филиалының «Рубин» зергерлік салонына шабуыл жасаған екі жігітке қатысты үкім шығарды

409 0

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Казахювелир» АҚ Қостанай филиалының «Рубин» зергерлік салонына шабуыл жасаған екі жігітке қатысты үкім шығарды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.


Өткен жылдың 19 қарашасында Қостанай қаласында орын алған бұл қылмыстық оқиға қала халқын дүр сілкіндірді. Шетелдік фильм сценарийі желісімен қылмыстық жоспарларын жүзеге асырған қостанайлық бір топ жас жігіт Қостанай қаласындағы пәтерлердің бірінде отырып, тергеумен анықталмаған М.Байдәулетовтың ұялы телефонынан «102» нөмірін теріп, қала сыртында орналасқан «Астықжан» сауда үйіне жарылғыш заты қойылғанын хабарлайды.Осылайша, облыс орталағындағы тәртіп сақшыларының күшін басқа бағытқа, жарылғыш затын іздеуге аударған қылмыскерлер, бірнеше минут ішінде қала орталығындағы «Қазақзергер»  АҚ Қостанай филиалының «Рубин» зергерлік салонына жетеді. Артынша қылмыстық топт зергелік салонда болған күзетші мен сатушылардың өміріне қауіп төндіре отырып, сөрелерді сындырып, зергерлік бұйымдарды сөмкелеріне салып, 70 млн. теңгеден астам зергерлік бұйымды еншілеп, оқиға орнынан тайып тұрады.Достықтары «жарасқан» қылмыстық топтың екі мүшесі сол күні ұсталса, қалғандары осы күнге дейін іздеуде жүр.


«Істі тергеу барысында тәртіп сақшыларымен ұсталғандар бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 251 б. 2б.; 242 б. 2б.; 179 б. 4б. «б» т. және 58 б. 3б. бойынша айыпты деп танылып, екеуінің де мүлкін тәркілеп, 10 жыл мерзімге қатаң тәртіпті колонияда жазаларын өтеу жазасы кесілді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,-делінген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!