Анасы мен әкесі ұлдарын қорқытамыз деп өлтіріп алды

Фотография - Анасы мен әкесі ұлдарын қорқытамыз деп өлтіріп алды

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

1157 0

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында криминалдық полиция қызметкерлері тапсырыс бойынша адам өлтірді деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды құрықтады.

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, 21 наурыз күні шаруа қожалығының малшысы қаладан 10 шақырым жердегі алаңқайдан 29 жастағы ер адамның мәйітін табады. Сот-медициналық сараптамасы көрсеткендей, оның өлімі ми бас сүйегінің жабық жарақаты салдарынан болған. Аталған факті бойынша Семей қалалық Ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғады.

«Тергеу амалдары барысында қылмыстық іске тапсырыс берушілер - жәбірленушінің анасы мен өгей әкесі екендігі анықталып отыр. Олар өздерінің таныстарына 200 мың теңге ұсынып, маскүнемдікке салынып, үй ішінде үнемі ұрыс-керіс шығаратын ұлын қорқытуды сұраған.Тапсырысты орындаушылар жәбірленушіні қала сыртына алып шығып, қатты ұрып-соғып, өлтіріп алады. Белгілі болғандай, қылмысты жүзеге асырушылардың екеуі де бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған»,- деді ресми өкіл.

Қылмысты жүзеге асырушылар да, тапсырыс берушілер де қылмысқа қатысы бар екендіктерін толық мойындады. Қазіргі таңда аталған азаматтар уақытша қамау изоляторына  қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!