Полиция Шымкенттегі кәсіпкер мен оның ұлын өлтірді деген күдіктілерді ұстады

Фотография - Полиция Шымкенттегі кәсіпкер мен оның ұлын өлтірді деген күдіктілерді ұстады

 ІІМ Криминалдық полиция комитетінің қызметкерлері шымкенттік кәсіпкердің отбасының өліміне себепші болған қарақшылық шабуылдың бетін ашты

187 0

 ІІМ Криминалдық полиция комитетінің қызметкерлері шымкенттік кәсіпкердің отбасының өліміне себепші болған қарақшылық шабуылдың бетін ашты, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

 

Наурыз айының ортасында түнгі сағат 4-тердің шамасында тұмшалағыш (маска) киген төрт адам үйге басып кіріп, отағасын және оның отбасын ұрып-соғып, ақша талап еткен. Нәтижесінде, дене жарақатының салдарынан үйдің иесі және оның 17 жастағы ұлы көз жұмады. Әртүрлі дене жарақатын алған жұбайы мен қызы ауруханаға жеткізіледі. Қаскүнемдер 50 мың АҚШ долларын, шамамен 4,5 мың еуро, 3 миллион теңге көлемінде ақша және алтын бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалайды.

 

«Қанқұйлы қылмыстың бетін ашу үшін ІІМ және облыстық ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған тергеу-жедел іздестіру тобы құрылды», - деді Ораз.

 

Оның мәліметінше, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Алматы облысы Қаскелең қаласында бұрын сотталмаған 38 жастағы Атырау облысының тұрғыны қолға түсті. Оның мекенжайын тінту кезінде ұрланған жарты келі алтын бұйымдар және 4,5 мың еуро табылды. Анықталғандай, ұсталған күдікті кәсіпкермен таныс болған және оның қаржылық жағдайының жақсы екендігін білген. Шабуыл жоспарын алдын-ала жасап қойған ол Шымкент қаласына келіп, қылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында өзінің таныстарын ұйымдастырған.

 

«Одан әрі іздестіру шаралары барысында күні кеше Астана қалалық Криминалдық полиция комитетінің қызметкерлері аталған қылмыстық іске қатысы бар 39 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын қолға түсірді. Сондай-ақ осы күні құрықталған күдіктілердің тағы бір сыбайласы – 25 жастағы Алматы облысының тұрғыны «Шымкент-Атырау» бағытындағы поезда, Түлкібас станциясында құрықталды. Бүгін түні Қызылорда қаласында аталған қылмысқа қатысы бар төртінші күдікті – бұрын ұрлық үшін сотты болған 26 жастағы қала тұрғыны ұсталды.Қазірігі таңда олардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілу үстінде», - деп қорытындылады ІІМ өкілі.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!