Алматы облысында жеті баланың әкесі тұншықтырылып өлтірілді

Фотография - Алматы облысында жеті баланың әкесі тұншықтырылып өлтірілді

Талдықорғанның полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған жеті баланың әкесі 52 жастағы ер адамды өлтіруде күдікті жергілікті әйелді қамауға алды

196 0

Талдықорғанның полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған жеті баланың әкесі 52 жастағы ер адамды өлтіруде күдікті жергілікті әйелді қамауға алды.

Ұсталған әйел ер адамның жұбайының жиені болып табылады.

Кісі өлтіру оқиғасы өлтірілген ер адам зайыбымен бірге күдікті әйелдің үйінде қонақта болғанда мерекелік отырыс кезінде орын алған. Спирттік ішімдікке сылқия тойып алған ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туған. Үй иесі апасын қорғаштай бастаған. Апасы ас үйде болған кезді пайдаланып, ол оның ұйықтап жатқан күйеуін қолымен тұншықтырып өлтірген.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел қамауға алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!