Солтүстік Қазақстанда сиырлардан тағы да ауру шықты

Фотография - Солтүстік Қазақстанда сиырлардан тағы да ауру шықты

Былтыр желтоқсанда Америкадан әкелінген сиырлардың «блютанг» деп аталатын вирусты жұқтырғаны белгілі болды

220 0

Былтыр желтоқсанда Америкадан әкелінген сиырлардың «блютанг» деп аталатын вирусты жұқтырғаны белгілі болды.

Қазір өңірдегі үш бірдей шаруашылықтың 700-ге жуық малы карантинде тұр. Мамандардың айтуынша, бұл дертті жұқтырған малдың тілі көгеріп кетеді. Кейін вирус барлық ағзаға тарайды. Қазір 657 сиырдың қаны сараптамаға алынып, Италияға жіберілген. Олардың көзін жою-жоймау мәселесі зертхананың қорытындысына қарай шешілмек. Ветеринарлар "бұған дейін табылған «шмалленберг» вирусындай емес, «блютанг» адамға жұқпайды" дейді. Айта кетейік, осы өңірде ақпан айында шмалленберг вирусына шалдыққан мыңнан астам сиыр өртелген болатын.

Владимир Карабельников, Солтүстік Қазақстан облысының бас ветеринарлық дәрігері:

- Ауруы асқынбаған жағдайда, мұндай сиырдың етін тамаққа қолдануға болады. Қазір сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз, нәтижесі жаман болған жағдайда, малдың көзі жойылады. Жалпы, шетелдік малды елге әкелмес бұрын тоғыз көрсеткіш бойынша зерттейміз. Аурудың пайда болуына ауа райы, ауыр жол әсер етуі мүмкін


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!