16 жасар қызды зорлаған тағы 4 маңғыстаулық қолға түсті

Фотография - 16 жасар қызды зорлаған тағы 4 маңғыстаулық қолға түсті

Маңғыстау облысында кәмелет жасына толмаған қызды топ болып зорлады деген күдікпен тағы төрт адам құрықталды

543 0

Маңғыстау облысында кәмелет жасына толмаған қызды топ болып зорлады деген күдікпен тағы төрт адам құрықталды. Бұл жайында "Лада" тілшілері хабарлайды.

"Біз аталған қылмысқа қатысы бар күдіктілердің тұлғаларын анықтадық. Олардың барлығы әр жерден ұсталды, беулері туыстарының үйінде, тағы біреулері жұмыс орындарында болған" дейді Маңғыстау облыстық ІІД бастығының орынбасары Амангелді Досаханов.

Оның айтуынша, ұсталған күдіктілер Жетібай ауылының 29-35 жас аралығындағы тұрғындары. Олардың үшеуі үйленген, отбасылы азаматтар.

Естеріңізге салайық, бұдан бұрын айтқанымыздай, жан түршігерлік жайт Маңғыстау облысының Жетібай ауылында орын алған. Төрт ер азамат дүкеннен шығып келе жатқан 16 жасар оқушы қызды көліктеріне салып, қаланың сыртындағы құрылысы бітпеген үйлердің біріне алып кеткен. Қылмыскерлер жасөспірімді зорлап, денесін темегі шоғымен күйдірген. Әбден жалыққаннан кейін әлгілер таныстарын шақырып, келгендер жәбірленушіні таңға дейін азаптаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!