Өзбекстан азаматы ұрланған автокөлікпен жол апатына ұшыраған

Фотография - Өзбекстан азаматы ұрланған автокөлікпен жол апатына ұшыраған

Өзбекстан азаматы ұрланған автокөлікте жол апатына ұшырады, деп хабарлады Алматы облыстық ішкі істер департаменті.

325 0

Өзбекстан азаматы ұрланған автокөлікте жол апатына ұшырады, деп хабарлады Алматы облыстық ішкі істер департаменті.

Жұмыс іздеп Алматыға келген Өзбекстан азаматы «Алмаарасан» шатқалындағы танысының үйінде тұрған. Ол қонақжай үй иесінің автокөлігін ұнатып, ұрлап әкеткен.

Алматы облыстық ІІД-ден хабарланғандай, көлікте онымен бірге ОҚО-дан келген досы болған.

«Жол-көлік оқиғасы кешкі сағат сегізде орын алған. «Мицубиси Шариот» маркалы автокөлікте келе жатқан А. есімді жүргізуші көлікті басқара алмай бетон қоршауға соғылып қалған. Соқтығысқан көлік аударылған. ЖКО салдарынан 16 жасар көлік жолаушысы көз жұмған. Ал көлік жүргізушісі аудандық ауруханаға түскен», - деп мәлімдеді Алматы облыстық ІІД Қарасай АІІБ жанындағы Каменск полиция бөлімінің бастығы Мақсат Бұланбаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!