Таразда азаматтарға азаптау әдістерін қолданған полицейлер сотқа тартылды

Фотография - Таразда азаматтарға азаптау әдістерін қолданған полицейлер сотқа тартылды

Таразда азаматтарға азаптау әдістерін қолданған полицияның екінші бөлімшесінің қызметкерлері сотқа тартылды

144 0

Таразда азаматтарға азаптау әдістерін қолданған полицияның екінші бөлімшесінің қызметкерлері сотқа тартылды,

  деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасынан.

«Азаптау әдістерін қолдану және жалған жауап беруге итермелеу бойынша айыпталған Тараз қаласы ІІД-нің ПБ-2 полиция қызметкерлері: криминалды полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарушы И. және оның қол астындағы полиция қызметкері А. Тараз қаласының №2 сотына берілді», - деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы, әділет кеңесшісі Жеңіс Батыров.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында аталмыш қызметкерлерге қатысты азаптау әдістерін қолдану және жалған жауап беруге итермелеу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!