Астанадағы әскери бөлімде сарбаз асылып өлді

Фотография - Астанадағы әскери бөлімде сарбаз асылып өлді

Астанада 5570 әскери бөлімінде мерзімдік қызметін атқарып жүрген сарбаз асылып өлді

177 0

Астанада 5570 әскери бөлімінде мерзімдік қызметін атқарып жүрген сарбаз асылып өлді, деп хабарлайды «Жетінші арна».

Ердос Қажыкенов әскер қатарына Өскеменнен шақырылған. Бөлім басшылығының хабарлауынша, оқиға жақында орын алған. Оның мүрдесі дәретханадан табылды.

«Үш айда жігіт өзін жақсы жағынан ғана көрсеткен және өзіне-өзі қол жұмсауға не себеп болғаны белгісіз. Ол аздап тұйықтау, ұяңдау болды», - дейді ҚР ІІМ Ішкі әскерлері басқармасы бастығының орынбасары Шавердин Имиров.

ҚР ІІМ Ішкі әскерлері баспасөз қызметкерінің ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы хабарлағанындай, қазіргі уақытта нақты ақпарат жоқ.

«Тергеу органдары тиісті тексеру шараларын атқаруда. Себептері анықталып жатыр», - деп түйді сөзін ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!