Атырауда кәсіпкер әйел мен оның жұбайының өліміне күдіктілер қолға түсті

Фотография - Атырауда кәсіпкер әйел мен оның жұбайының өліміне күдіктілер қолға түсті

Атыраулық тәртіп сақшылары кәсіпкер әйел мен оның жұбайының өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады

255 0

Атыраулық тәртіп сақшылары кәсіпкер әйел мен оның жұбайының өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың байламынша, олардың бірі Мақат елді мекенінде, екіншісі облыс орталығындағы Нұрсая шағынауданында құрықталған. Екеуінің де жасы 46-да. Болжам бойынша олардың бірі Ресей аумағындағы кісі өлімі және елімізде жасаған қарақшылығы үшін абақтыға тоғытылған. Өткен жылы ол кесілген мерзімін өтеп еркіндікке шықты. Екінші күдікті бұған дейін бұзақылығы үшін сотталған екен. Көз жұмған жандардың заттары айғақ түрінде тәркіленіп отыр.

Еске салайық, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылындағы адам өлімі 4 сәуір күні түнде тіркелген. Өз үйінде қаныпезерлердің әрекетінен жантәсілім еткен әйел кәсіпкердің және оның күйеуінің денесі табылды.

Марқұмдардың аяқтары мен қолдарына скотч жапсырылған. Олардың беттері мен денелерінен соққының белгілері табылды. ІІД басшысының бірінші орынбасары басқарған жедел тергеу тобы құрылды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 96 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сот медициналық сараптамалар тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!