Бейтаныс адамдар есік қоңырауына жарылғыш зат қойып кеткен

Фотография - Бейтаныс адамдар есік қоңырауына жарылғыш зат қойып кеткен

Шымкент ауылдарының бірінде бейтаныс адамдар есік қоңырауына жарылғаш зат қойып кетіп, жарылыс орын алды.

226 0

Шымкент ауылдарының бірінде бейтаныс адамдар есік қоңырауына жарылғаш зат қойып кетіп, жарылыс орын алды.

Оқиға Чапаев ауылында сәуірдің 6-ында орын алды. Сағат 09.00 шамасында Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД жедел басқару орталығына жекежай маңында белгісіз заттың жарылғаны айтылған хабар түсті.


«Мені көршім таңертен шақырып алып, түсініксіз жағдайдың орын алғанын айтты. Бір ай бұрын оның есік қоңырауы ұрланған болатын. Ол жаңасына ауыстырып та үлгерді. Алайда бүгін ұрланған қоңырау аппараты табылыпты. Біз оны абайлап алып, шөптің үстіне қойдық. Батырмасын таяқ ұшымен басып едім, жарылыс болды»,-деп түсіндірді оқиғаға куә болған Ильдар Ишмурзин.


Бүгінде оқиға орнына лаңкестікке қарсы орталық бөлімшесінің қызметкерлері келіп жетті. Жарылыс болған жер қоршауға алынды. Сарапшылардың пайымдауынша, жарылғыш заттың құрамына тұрмыстық химияда қолданылатын зат салынған. Жарылыс қатты болмағанымен, батырманы басқан адам жарақат алатынына шүбә жоқ еді. Тәртіп сақшылары қылмыскерді анықтап, тергеу амалдарын бастамақшы. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!