Тағы бір сарбаз әскери бөлімде өз-өзіне қол салған

Фотография - Тағы бір сарбаз әскери бөлімде өз-өзіне қол салған

Әскер қатарындағы тағы бір сарбаз қазасы. Бұл жолы Астанадағы нөмірі 5570 бөлімінің жауынгері асылып өлді

134 0

Әскер қатарындағы тағы бір сарбаз қазасы. Бұл жолы Астанадағы нөмірі 5570 бөлімінің жауынгері асылып өлді

Ердос Қажыкенов Отан алдындағы борышын ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 5570 әскери бөлімде өтеп жүрген болатын. 21 жастағы жауынгердің асылып қалған өлі денесін де дәл осы бөлімшеден қаруластары тауып алыпты. Ол әскер қатарына былтыр желтоқсанда ғана Шығыс Қазақстан облысынан шақырылған екен. Ал, оған дейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша колледжді тәмамдап, өзі туып-өскен Катонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылда ұстаздық еңбек еткен көрінеді. Сарбаз өмірмен қоштасар алдында хат жазып қалдырмаған. Тексеру барысында мойнындағы жіптің ізінен өзге, дене дақтарын да байқамадық дейді бөлімше басшылары.

Сәкентай Шекарбеков, 5570 әскери бөлімінің командирі:

- Тәрбиесі өте жақсы сарбаз болатын. Сабырлы, салмақты еді. Қаруластарынан да сұрау алдық, ешкім күдікті әрекет байқамаған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жауынгердің мұндай әрекетке неге барғанын әскери сот анықтайтын болады. 


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!